Азаматтық істерге қатысу

form-2

Атқарушылық іс жүргізу

form-9

Әкімшілік істерге қатысу

form-8

Жеке және заңды тұлғалардың банкроттығы

form-4

ЖШС-ны тіркеу, тарату

form-11

Жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді рәсімдеу

form-10

Корпоративтік даулар

form-7

Қылмыстық істерге қатысу

form-3

Мемлекеттік органдармен даулар

form-5

Салық және кедендік даулар

form-6

Азаматтық істерге қатысу:

заңнаманың әртүрлі салалары бойынша ауызша және жазбаша түрде консультация өткізу;
жалпы юрисдикция соттарында, сондай-ақ аралық, төрелік соттарда клиенттердің мүдделерін білдіру;
талап қою мен арыздарды, сонымен бірге қосымша және қарсы талап қоюларды әзірлеу, солар бойынша мемлекеттік бажды төлеу және есептеу;
талап қоюды қамтамасыз ету (тыйым салу) туралы арыздарды әзірлеу, қажетті дәлелдемелік базаны дайындау;
азаматтық істер бойынша сот ісін кейінге қалдыру немесе тоқтата тұру;
апелляция, кассация, қадағалау тәртібімен сот актілеріне шағымдану;
қарыздарды өндіріп алу және шығындарды өтеу;
мүлікті ауыртпалықтан (тыйым салудан, кепілден)босату;
кепілге қойылған мүлікке сотқа дейінгі және сот тәртібімен өндіріп алу;
азаматтық хал актілерінің жазбаларына түзетулер енгізу;
азаматтарды қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану;
азаматтардың әрекетке қабілетсіздігін тану, азаматтардың әрекетке қабілеттілігін шектеу;
мүлкті өзгенің заңсыз иеленуінен талап етіп алу, оған меншік құқығын тану;
келіссөздерде және сот тәртібімен әртүрлі шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу;
заңдық маңызы бар фактілерді анықтау;
сақтандыру өтеміне қатысты істерге қатысу;
сот сараптамасы органдарында сараптамалық зерттеулер (қолжазу, техникалық және т. б.) жүргізуге жәрдемдесу;
Сонымен қатар, адвокат басқа да құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсетеді.

Қылмыстық істерге қатысу:

күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны алдын ала тергеу сатысында және сотта қорғау;

жәбірленушінің мүдделерін білдіру;

куәдан жауап алу кезінде қатысу;

азаматтық талап қою кезінде азаматтық талап қоюшы мен жауапкердің мүдделерін білдіру;

құқық қорғау органдары сенімгерді ұстаған және шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізген кезде оған бару;

қылмыстық істер бойынша шағымдар мен өтініштер әзірлеу.

Жеке және заңды тұлғалардың банкроттығы:

жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру; заңды тұлғаларды оңалту; құрылтай құжаттарын әзірлеу, түзету; жалпы жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу; сотта мүдделерді білдіру.

Мемлекеттік органдармен даулар:

Мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне жоғары тұрған мемлекеттік органға және/немесе сотқа шағымдану;
мемлекеттік органдардың шешімдерін, қаулыларын, өзге де актілерін сот тәртібімен заңсыз (жарамсыз) деп тану.

Салық және кедендік даулар:

салық салуға және кедендік ресімдеуге байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдесу. Салық және кеден органдарымен дауларда клиенттердің мүдделерін білдіру.

Корпоративтік даулар:

ұйымның құрылтай құжаттарын әзірлеу, түзету;
жалпы жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу;
сотта мүдделерді білдіру.

Әкімшілік істерге қатысу

жол қозғалысы ережелерін бұзу, салық салу, кәсіпкерлік қызмет және т.б.
салалармен байланысты әкімшілік істерде клиенттің мүдделерін білдіру

Атқарушылық іс жүргізу:

атқарушылық іс жүргізуге байланысты мәселелер бойынша кеңес беру;

сот орындаушыларының іс-әрекеттерін құқықтық бағалау;

атқарушылық іс жүргізуде жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін білдіру;

өндіріп алуды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер мен ақпаратты жинау (автокөлік құралдарының, жылжымайтын мүліктің және өзге де активтердің болуы туралы);

атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қамтамасыз ету (борышкердің мүлкін бағалауды ұйымдастыру, борышкердің активтерін сату және т. б.);

сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдану.

Жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді рәсімдеу:

жылжымайтын мүлік объектілерінің құқықтық мәртебесін ресімдейтін құжаттарға заң сараптамасы;

жылжымайтын мүлік объектілерінің айналымы және олардың мүліктік құқықтарымен байланысты сатып алу-сатумен, жекешелендірумен, жалға берумен, кепілмен және өзге де операциялармен байланысты шарттар мен өзге де құқықтық құжаттарды жасау.

ЖШС-ны тіркеу, тарату:

клиент ұсынған нұсқаларға сүйеніп, қолданыстағы ЖШС атауларын ескере отырып, ЖШС атауын таңдау;

ЖШС-ны тіркеу және оның әрі қарайғы қызметіне байланысты барлық заң мәселелері бойынша консультация беру;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті құжаттарды дайындау;

кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаларды тарату (ерікті, мәжбүрлеп), филиалдарды, өкілдіктерді есептен шығару үшін қажетті құжаттар топтамасын дайындау және заңгерлік  сүйемелдеуді жүзеге асыру.